Билік

15 қараша- Ұлттық валюта күні

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Сіздерді Ұлттық валюта күні және еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қаржы жүйесіндегі біздің облыстық қызметкерлері егемен еліміздің қарқынды дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеді. Барлықтарыңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық және мемлекетіміздің бұдан әрі нығаюуы мен дамуы үшін атқаратын қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.

Кейін өңіріміздің қаржы саласына сүбелі үлес қосқан бір топ азаматтар облыс әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында Мамлют аудандық қазынашылық басқармасының басшысы- Жібек Мамбетова да бар.

Жібек Мамбетова- Мамлют аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

-Теңгені алғаш көзбен көріп қолмен ұстағанымызға 21 жыл толып отыр. Осы жылдары Отанымыздың қаржы жүйесінің тұрақтылығына біздің теңгенің ықпалы тиіп, одан әрі де нығая беріп, еліміздің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына тілейміз. Отанымыз аман жұртымыз тыныш болсын. Мерекемен құттықтаймын.

Елбасымыздың тапсырмасымен айналымға енгізілген төл теңгеміз осы жылдар ішінде талай сынақтан сүрінбей өтті. Тәуелсіздігіміздің символдарының бірі атанған ұлттық валюта бәсекеге қабілеттілігін дәлілдеді.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры.

-Экономика дамуда. Жаңа экономикалық саясат қолға алынды. Сондықтан теңгеміз нығая түседі деген сенімдемін. Бүгіндері облысымызда 19 банк филиалы мен 60 құрылымдық бөлімшелер жұмыс жасайды. Көрсеткіштер жаман емес.

Жиын соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

 

 

Магжан Ахмадина.