МТРА жаңалықтары

СҚО-дағы түрмелерде жұмыспен қамтылған сотталушылардың саны артқан

Мұнда 6 тігінші таңғы 9-дан кеші 18:00-ге дейін жиһаз қаптайды, төсек-орын, киім-кешек тігеді. Кәсіпорынға түскен тапсырыстарды жүзеге асырады. Істеген жұмыстарына қарай ақыларын да алады. Айлықтары олардың есеп шоттарына түсіп, сот шығындары өтеледі. Артығын, өз жеке бастарына жұмсайды.

Мекеме маңындағы мына цех 2 аптадан кейін жұмысын бастамақ. Өндіріс орны “Саликов” ЖК-не тиесілі. Бұл жерде елімізде бұрын-соңды шығарылмаған, шынылы магнизиттік лист деп аталатын құрылыс материалдары жасалатын болады. Ал, жаз бойы сотталғандар Конституция көшесіне жайылған кеспе тастарды құйған екен.

Айқын Бәженов, 164/3 түзету мекемесі бастығының орынбасары:

– Қызір 11 адам жұмыс жасап жатыр. Ашылғаннан кейін 15-30 сотталушы жұмыспен қамтылып, екі кезекішілік бойынша еңбек етпек. Мұнда өнедірілетін материалдар су өтпейтін, жылу жіберомейтін болады.

Мұнда “Саликов” ЖК-не тиесілі қолөнер шеберханасы да жұмыс жасап тұр. Ағаштан көздің жауын алатын кәдесыйлар жасаумен 4 адам айналысады. 34 жастағы Бауыржан Былғақовтың жазасын өтеп жүргеніне 3 жыл болыпты. Өзіне кесілген мерзімнің жартысын өтеп үлгерген. Жол апаты орын алып, жазықты болып қалған азамат осы жұмыстың арқасында уақыттың сырғып жылдам өтетінін айтты.

Бауыржан Былғақов, жазасын өтеуші:


– 2 жыл бұрын үйрендім. Осы жерде бос отырмай. ақша табамыз. Осылай сот қарыздары жабылады.

Кейін ағаш шеберлері жасап шығарған тауарлар мына дүкенде сатылады. Мәселен, мына кеменің бағасы – 35 мың теңге, ал домбыралар – 7 мың теңгеден. Кейін, «STIL-KZ» ЖК-нің цехына да кірдік. Бұл шеберхана колония жанынан 6 ай бұрын ашылған. Мұнда 8 жазасын өтеуші қысқы киімдер тігуде. Павел Камшаның түрмеде отырғанына 10 жыл. Енді, 4 жыл мерзімі қалған. Бұл уақыт ішінде қоғамға пайдасын тигізіп, мұндағы жұмыстарға белсенді араласып келеді. Жалақысын да уақытылы алып тұрады.

Павел Камша, ЕС 164/3 мекемесінде жазасын өтеуші:


– Мен бұл кәсіпкерлікте ашылғалы бері еңбектеніп жатырмын. Тігін машинасын да жақсы меңгергенмін.
Кәсіпкер тапысырыс алады. Біз оқушы формасын, жұмысшылар киімін тігеміз. Осылай уақыт тез өтеді. Тапқан ақшамды шешеме салып тұрамын.

Жалпы ЕС 164/3 мекемесінде 700-ге жуық жазасын өтеуші бар. Былтыр олардың тек 32 пайызы еңбекке тартылған болатын. Ал, биыл жұмыспен қамтылған сотталғандардың саны балтырғыға қарағанда екі есеге артқан.

Айқын Бәженов, 164/3 түзету мекемесі бастығының орынбасары:

– Бірінші кезекте сот алдында қарыздары бар адамдар орналасады. Кейін барып өзгелері. Бүгін де 72 адам кәсіпкерлер тарапынан жұмыспен қамтылды.

Облыс бойынша жеке кәсіпкерліктер мен “Еңбек-Қызылжар” филиалында 600-ден астам жазасын өтеуші жұмысқа тартылған. Жыл соңына дейін сотталғандарды жұмыспен қамту көрсеткіші арта түспек.

Әділхан Мұхамедияров, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

 

– Жыл соңына дейін мұндай кәсіпкерліктердің саны 24-ке жетпек. Қазір 18 кәсіпорын түзету мекемелерінде жұмыс жасауды.

Айта кету керек, сотталғандар арасында бірінші кезекте жұмыспен қамтылатындар – мемлекет алдында борышы бар жандар.

Акбопе Танирберген