МТРА жаңалықтары

Петропавлда СҚО әкімінің кубогы үшін Қызылжар Жайдарман лигасы өтті

Бұл құрама жақында ғана Астанадан оралған. Кішкентай әзілкештер Елорда төрінде республикалық «Жайдарлы Жас Ұлан» кубогында өңір намысын қорғап, мол тәжірибе жинап қайтты.

Жалғас Мұқанов – «Дарынстайл» құрамасының капитаны:


–  Біздің құрамамызда 5 адам. Жайдарманға қатысып жүргенімізге екі жыл болды. 00:37-46/ Негізінен алдыңғы жылы біз екінші орын алып, вице чемпион атандық. Осы жолы бірінші орын аламыз деген үмітіміз бар. Басқа командаларға сәттілік тілейміз.

СҚО әкімінің кубогы үшін талас 12 құрама арасында жүруде.

Ерлік Мұхамеджанов – СҚО Жайдарман лигасының директоры:


– Ойынның ережесі бойынша әр құрама 5 минутттық бағдарлама жасау керек. Яғни, фристайл конкурсы, еркін сайыс. Соның негізінде жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

Өңір басшысының жүлдесі үшін бақ таластыруға ҚР ҰҰ ӘИ-ның курсанттары да келген. Аталмыш оқу орнының әзілкештері Жайдарман лигасына жыл сайын қатысып тұрады. Бірнеше мәрте жеңімпаздар қатарынан да көрінген. Бұл дәстүрді олар биыл да жалғамақ ниетте.

Нұрдәулет Оралтау – ҚР ҰҰ Әскери институты құрамасының ойыншысы:


–  Дайындығымыз бір ай бұрын басталды. Мықты дайыдалдық. Жеңеміз деген сенімдеміз. Әзілдеріміз әскери тақырыпта.

Құрамалар мықтап дайындалған. Оларды қолдап келгендер де аз емес. Әр топтың өз жанкүйері бар. Дәстүрлі шараға Қазақстан КВН одағының редакторы Қасиет Кәрім де келген. Оның айтуынша, қазір солтүстікқазақстандық жайдарманшыларда әзіл-қалжың ойластыруда алғажылжушылық бар. Арасында Жоғары лигада өнер көрсетуге лайықтылар да бар. Тек алған беттерінен таймай, еңбектену керек дейді.

Қасиет Кәрім – Қазақстан КВН одағының редакторы, Астана қаласы:


–  Оқу орны мүмкіншілік беретін болса, онда ҰҰ ӘИ-ның құрасмасы Жоғары лигада өнер көрсете алады. Ол үшін 2-3 жыл жақсы жұмыс жасау керек. Жайдарлы ЖасҰланға барып келген «Дарынстайл» құрамаы жақсы, болашақтары бар екендігі көрініп тұр.

Міне, көрермен көптен күткен оралдық «ҚазИИТУ» құрамасы да сахнада. Жасыл түсті киім киген жігіттер солтүстікқазақстандық әзілсүйер қауымның қошеметіне бірден бөленді. Өйткені, сахнаға шыға салысымен, қонақ команда өзінің әзілдерімен жерлестерімізге жақсы көңіл күй сыйлай білді.

«ҚазИИТУ» қонақ болып келген жалғыз құрама емес. Солтүстік сахнасында өнер көрсету үшін бұл жолы көкшетаулық жайдарманшылар да жиылды. Ол – өздерінің әзілдерімен көпке танылған «Жұрттың балалары» құрамасы.

 

Сонымен, жеңімпаздардың есімін де білер сәт келді. Үздік үштікті жергілікті «Еркін құрама» командасы қорытындылады. Екінші орынды көршілес облыстан келген «Жұрттың балалары» иеленді. Ал Әскери институтыттың курсанттары бірінші орынға қол жеткізді. Бас жүлде – СҚО әкімінің кубогын оралдық жігіттер қанжығасына байлады.
Айту керек, келесі ойын – ширек финал ақпан айында өтеді деп жоспарланған.

Айгерім Ержанова