Ахмет Сұлтанов – «Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртісі, Астана қаласы:
– Альт аспабының скрипкадан біраз айырмашылығы бар. Мәселен, менің қолымдағы – альт. Ол дыбыс тембрімен ерекшеленеді. Музыка тілінде айтқанда, бір гвинтаға төмен. Негізі бұл аспапта ойнауды 8-ші сыныпта бастадым.
Бағдат Әбілханов бұған дейін солтүстік өңірде бірнеше мәрте өнер көрсеткен. Биыл тағы да арнайы шықыртумен келіпті. Мейманды жерлестеріміз үнемі ыстық ықыласпен қарсы алады екен.
Бағдат Әбілханов – «Астана Опера» симфониялық оркестрінің солисі, Астана қаласы:
– Бұл жердің тыңдармандары бізді үнемі жылы қабылдайды. Петропавлда өнер көрсеткеннен ләззат аламын. Бүгінгі кеш те солтүстікқазақастандықтардың көңілінен шығады деген сенімдемі.
«Классикалық музыка» кешінде әртістер түрлі жанрдағы шығармаларды орындады. Мұнда келген тыңдарман қауым қазақ, испан және француз музыкасын естіп, құлақ құрышын қандырды. Солтүстікқазақстандықтар болса, елордадан келген әртістерді зор қошеметке бөледі.
– Мұндай концерттер бізге өте керек. Және жиірек болып тұрса деймін.
– Әртістер тамаша өнер көрсетті. Деңгейлерінің де жоғары және өз істерінің мамандары екендігі байқалады.
Айгерим Ержанова