Денсаулық сақтау

Елатом құрылғылар зауытының кезекті көрмесі өтуде

Бүгінде зауыт құрылғыларының 10 шақты түрі Қазақстанда саудаланады. Дәріхана сөрелерінде – “Магафон”, “Мавит”, “Алмаг”, “Диамаг” ,”Стимэл” , “Унилор” жайғастырылыпты. Соңғысы кешенді терапияға арналған.

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– Унилор аппаратын кез келген адам өз бетінше қолдана беруіне болады. Құрылғылардың арнайы сипаттамалары бар. Құлаққа, мұрынға немесе тамаққа арналған. Бұл құрылғы гайморит ауруын емдеуге де көмектеседі.Ол үшін аппаратты 7-10 күн бойы үзбей қолдану қажет”.”01:01″Унилор.

“Үй дәрігері” сериясындағы физиотерапевтік аппараттар бүгінде көптің сұранысына ие. Мәселен, “Алмаг-01” құрылғысы жоғары қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– Алмаг-01 пен Магафон аппараты жүрек-қан тамырлары жүйесі, бронха, ішек-қарын жолы ауруларын емдеуге септеседі. Буыны сырқырап, мазасы кетіп жүрген адамдарға да пайдасы бар. Мәселен, иықтағы немесе шынтақтағы буындарға былай қолдануға болады. Ол магниттік импульстар арқылы емдейді. Сондай-ақ, омыртқаға да келтіріп үстіне жатуға болады. Аппаратты қолданар алдында ең алдымен міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет.

Міне, 75 жастағы Зоя Шаповалова “Алмаг-01” – құрылғысын сатып алуға келген. Ол мамандар кеңесін тыңдап, құрылғының қалай жұмыс істейтігін көруде. Бірнеше жылдан бері буыны сырқырап, мазасы кетіп жүрген зейнеткер енді аппараттың көмегімен үйде емделіп, денсаулығын қалыпқа келтірмекші.

Зоя Шаповалова – қала тұрғыны:


– Мен Алмагтың көмектесетінін көп адамдардан естідім. Өзімнің туысқанымнан алып, қолданып та көрдім.Нәтижесі, жаман емес.Сондықтан да, сатып алуға бел будым.

Аталған құралдарды маусымның 20-сы мен 27-сі аралығында Абай көшесі 96 мекен-жайындағы «Биосфера» және бірнеше «Сердечная» дәріханалар желілерінен 20 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 46-35-12 телефон нөмірі бойынша білесіздер.

Акбопе Танирберген