Аптадағы маңызды жаңалықтар

10 айдың ішінде солтүстікқазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 15 пайызға артты

Статист мамандардың мәліметіне сүйенсек, облысымыз тұтыну бағасының индексі бойынша республикада 3-ші орында. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 6 пайызға артқан. Ондағы үлестің көбі ұн үгу кәсіпорындарына тиесілі. Биыл олардың шығарған өнімдері үстіміздегі жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Сондай-ақ, аймағымызда ұзақ сақтауға келетін кондитер өнімдері мен тәтті сусындарды өндіру көрсеткіші айтарлықтай өскен. 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция мөлшері 127 млрд теңгені құрады. Әсіресе, Шал ақын, Ақжар және Айыртау аудандарында инвестиция көлемі бірнеше есеге артыпты. Статистика департаментінің мамандары солтүстікқазақстандықтардың орташа айлық жалақысы да 15 пайызға көтеріліп, 94 мың 895 теңгеге жеткендігін айтуда.

Берік Қасен