МТРА жаңалықтары

Елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға құлықты 18 жасқа толған азаматтарға арзан несие беріледі

Ол үшін кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушыларынан арнайы дәріс алып, бизнес-жобасын сәтті қорғап шықса болғаны. Жыл басынан бері осымен екінші рет “Жас кәсіпкерлер мектебі” жобасына қатысқан жергілікті 50 тыңдаушыға сертификат үлестірілді. Бірақ, соның ішінен жобасын жақсы қорғап шыққан алты үміткер ғана “Идеялар жәрмеңкесі”-не қатыса алады. Онда комиссия тек бір жұмысты таңдайды. Кейін жеңімпазға “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында 3 млн теңге несие немесе мемлекеттік грант беріледі.

Әсем Қазыбаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


– Мейрамхана туралы жоба қорғадым. Онда мен тұтынушыларға қазақтың ұмытылып бара жатқан тағам түрлерін ұсынбақшымын. Жобаны сәтті қорғап шығып, бүгін сертификат алдым.

Станислав Чукуев – СҚО Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы:


– Жеке кәсібін ашқан жағдайда кәсіпкерлер Астана мен Алматы қалаларындағы бизнес-жаттықтырушылардан 2 апта бойы қашықтықтан онлайн режимінде дәріс ала алады. Және шетелге барып тегін тағылымдамадан өтіп келу мүмкіндігі қарастырылған.

 

Берік Қасен