Бірінші топ мүгедегі. Өмірге келгелі қос жанары мына жарық әлемді көрген емес. Оған қарамастан нәзікжанды қоғамдағы жұмыстарға белсенді ат салысады. Жұбайы Менвали Хайруллин да осы қалалық ғазиптар қоғамының мүшесі, бозбала шағында оның да қос жанары сөнген. Балалары ер жеткендіктен, екеуі бос уақыттарын осы жерге келіп өткізеді.
Жанна Хайруллина, қалалық зағиптар қоғамының мүшесі:
– Біз пенсиядағы адамбыз ғой. Бос уақытымызды осында өткіземіз.
Бүгінгі дойбы чемпионатына 15 адам қатысуда. Шара 13 қазанда өтетін Халықаралық зағиптар күніне орайластырылған. Айта кету керек, бүгінде қалалық зағиптар үйінде көз ауруларына шалдыққан 368 адам тіркеуде тұр. Оның 40-тан астамы 16-30 жас аралығындағы азаматтар екен.
Еркебұлан Аманжолов, қалалық зағиптар қоғамының төрағасы:
– Біздің құрығанымызға биыл 80 жыл болады. Түрлі сайыстарды өткіземіз. Қаладағы барлық зағип жандар келіп бас уақыттарны осында өткізеді.
Қалалық зағиптар қоғамы – облыс орталығындағы көзі көрмейтін жандардың екінші үйі десе де болады. Олар мұнда келіп кітап оқиды, өлең айтады, аптасына екі рет мамандар дауыстап оқыған шығармаларды тыңдайды.
Акбопе Танирберген