МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы журналистер мен мемлекеттік қызметшілер арасында диалог алаңы өтті

Зәуре Жұмалиева – «Квартал» газетінің шеф-редакторы:

– Мысалы, белгілі бір мемлекеттік қызметкер парамен ұсталған жағдайда арнайы органдар оқиға жайлы ақпаратты кейін береміз деп жылы жауып қояды. Бірақ, бұл уақыт өтіп кеткендіктен маңыздылығын, оқырман үшін қызығушылығын жоғалтады. Ал, тілші жаңалықты жедел жеткізуі керек. Біз осылайша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға өз үлесімізді қоса алар едік.

Сондай-ақ, жиында БАҚ өкілдері аталған тақырыпта кеңінен жазу үшін оқыту тренингтерін өткізу қажеттігін де атап өтті.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында мәдени қайраткерлері мен БАҚ өкілдерінің атқаратын рөлі жоғары. Сондықтан біз оларды шақырып, былтырғы жасалған шараларды талқылап, алдағы жоспарларды құрдық.

Жиын соңында екі жақ бірлесіп жасайтын іс-шаралар жоспарын құрды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы журналистік репортаж жасау, түрлі мәдени іс-шаралар мен байқаулар өткізу қарастырылған.


Айсулу Сергали