Қоғам

Қарашаның екінші бейсенбісі – халықаралық сапа күні

Алайда кей кездері бұл ережелерге бағынғысы келмейтіндер де табылады. Сонда өз құқығын жақсы білетін тұтынушылар тиісті мекемелерге хабарласып, мәселе оң шешімін табатын көрінеді. Жыл басталғалы тұтынушылардың құқығын қорғау департементіне 417 солтүстікқазақстандық хабарласыпты. Көбіне олардың шағымдары бөлшектік сауда қызметі мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы олқылықтарға қатысты болады екен.

Ләзім Мияшева- СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

– Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті сауда саттыққа қатысты ережені бұзғаны үшін кінәлілерге айыппұл сала алады. Тағы қағаз жүзінде ескертпелер жібереміз. Бұдан бөлек, қауырт желіге хабарласақан тұрғындарға кеңестер де беріп тұрамыз. Жақында ғана тұтынушыны алдамақ болған сатушының ісін қарастырдық. Ол петропавлдықтан бірнеше теңгеге артық сырпырып алған. Қазір тұтынушы заңды бұзған сатушыдан айыппұл өндіріп алды.

Жиынға жастар да қатысты. Анастасия Владимирова болашақ сауда-саттық саласының маманы. 2 курс студенті мұндай кездесулерден пайдаға жаратар мол ақпарат алуға болады дейді.

Анастасия Владимирова- Гуманитарлық-техникалық колледждің 2 курс студенті:

 

– Семинар қызықты өтіп жатыр. Көп ақпарат алдық. Әрине мұны бізге колледж қабырғасында мұғалімдер де айтады. Бірақ маркетинг деген мамандық ол қиын кәсіптердің бірі. Сондықтан көп нәрсені білу керек.

Елбасымыз өзінің ұлт жоспарындағы 100-ші қадамында да сапа менеджментін енгізу керектігін айтқан болатын. Ол өзімізде жасалатын тауарлар мен қызмет түрлерін халақаралық дәрежеге көтеруге мүмкіндік бермек.

Магжан Ахмадина