Владимир Дудов – Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:
– Астықты жоғары іріктеуден өткізетін мұндай желі өңірімізде, әзірге жалғыз. Осы тұста айта кетейін биыл Ғ.Мүсірепов ауданының аграрийлері 1 млн тоннадан астам астық жинады. Аудан бойынша гектарынан орташа 17,37 центнер өнім алынды. Диқандар енді алысқа бармай-ақ дәнді дақылдардың элиталық тұқымын осында әкеліп кептіре алады.
Осы элеватордың қызметін өңір шаруашылықтары да пайдалана алады.
Элеватордың астықты қоқымдардан тазартудағы қуаттылығы тәулігіне – 200 тоннаны құрайды.
Мустафа Гулиев – “Агрофирма “Приишимский” ЖШС директоры:
– Біз Пектус компаниясының жетілдірілген технологиясын қолданбақшымыз. Мұндағы желілер сағатына 12 тонна жоғары сапалы бидайды қоқымдарынан ажыратып бере алады. Ал 4-ші, 5-ші сұрыптағы бидайды одан да тез тазалайды. Бұдан бөлек, сағатына 22 тонна дәнді дақылды кептіретін қондырғы бар.
Астық сақтау кәсіпорны “Агрофирма “Приишимский” ЖШС-гіне тиесілі. Элеватор
толығымен автоматтандырылған. Сәйкесінше, бұл жерге адам күші онша көп қажет емес. Богдан Филин биыл техник-механик мамандығын тәмамдап осында жұмысқа орналасыпты.
Богдан Филин – “Агрофирма “Приишимский” ЖШС операторы:
– Мен мұнда қондырғыны іске қосып, оның дұрыс жұмыс істеуін қадағалаймын. Бір жерден ақау шықса жөндеймін. Кәсіпорындағы үрдіс толығымен автоматтандырылған. Қондырғылардың жұмысы басқару пультімен жүргізіледі. Менімен бірге бұл элеваторда екі адам еңбек етпек.
Бұл – осымен “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ы қанжыландырып отырған үшінші жоба. Жобаның авторларына, яғни заемшыларға несие жылдық 14 пайыз мөлшерлемесімен берілген. Жылдық ставканың тең жартысы мемлекет қаражаты есебінен субсидияланады.
Дмитрий Веремский – “ҚазАгроҚаржы” АҚ СҚОФ директоры:
– Биыл СҚО-сы бойынша 3 жоба жүзеге асырылды. Қаржы институты малды лизинге алу, көкөністерді тамшылатып суары әдісін қолданатын үлкен жылыжайларды тұрғызуға несие берді. “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ы сүт-тауарлы ферма мен мал бордақылау алаңдарын құруға ниетті кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдайды. Сондай-ақ, біз ауыл шаруашылығы техникасының жеткізілімдерін қаржыландырамыз. Биыл СҚО-ның аграрийлері “ҚазАгроҚаржы” арқылы 700 техниканы лизингке сатып алды.
Сүт тауарлық ферма, үлкен жылжай мен көкөніс сақтайтын қойма. Өңірімізде келесі жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын аталмыш жобаларды бүгінде “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ы мақұлдапты.
Берік Қасен