МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясы фракциясының комиссиясы бой көтеріп жатқан тұрғын үймен танысты

Ержан Баженов – Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

– Мердігер компания келер жылдың ақпан айында нысанды толығымен салып, қолданысқа тапсырып үлгермейді деген қауіп бар. Сол себепті біз, депутаттар 10 күннен кейін осында қайта келіп жұмыс қарқынын байқайтын боламыз. Бұл жобаның келісшарт бойынша құны 549 млн теңге, оның бүгінде 115 млн теңгесі игерілген.

Бүгінде үйдің құрылысына 10 бірлік техникамен 50-ге тарта жұмысшы жұмылдырылған. Істің 30 пайызы тындырылыпты. Күнтізбелік жоспардан ауытқулар бар екен.

Елена Семенова – Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

– Мердігер компания өкілдерінен не себепті күнтізбелік жоспардан қалып келе жатқандығын сұрадық. Оған ауа райының қолайсыздығы әсер етіп отыр екен. Күзгі жауын-шашында жол езіліп, салдарынан қажетті материалдар уақытылы жеткізілмеді. Ал қазір барлығы бар. Енді жұмыс қыза түспек.

Бұл баспана ақпан айында қолданысқа тапсырылғаннан кейін, кезекте тұрған “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ың салымшыларына беріледі. Жалпы қазіргі таңда “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша Петропавлда 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

 

Риат Шони