Балалар

Петропавлдағы №1 өнер мектебінің 5 оқушысы халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Дәнекер Жақыпова – Петропавл қаласы №1 өнер мектебінің 6-сынып оқушысы:

– Мен өте қуандым. Себебі, сондай дәрежеге жету бұл өте үлкен қуаныш. Мен осы музыка мектебінде тек қана 2 жыл оқып жатырмын.

Сондай-ақ, өнерлі жеткіншек эстрадалық вокал номинациясында “Живая вода” әнін жанды дауыспен орындап, 1-ші дәрежелі дипломант атағына лайықты деп танылды. Негізі бұл байқауға Ресей мен Қазақстанның өнерпаздары қатысқан. Біздің өңірдің намысын №1 өнер мектебінің 5 оқушысы қорғапты. Барлығы да құр алақан емес, 1,2 және 3-ші дәрежелі дипломдарға ие болып қайтты.

Ирина Маркина – Петропавл қаласы №1 өнер мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Үміткерлердің барлығы дерлік Ресейден болды. Қазақстаннан барған – жалғыз біз. Байқау өте тартысты өтті. Біздің балаларымыздың шығармашылығын белгілі өнер майталмандары бағалады.

Енді жас әншілер келесі жылдың жаз айында Болгарияда өтетін халықаралық байқауға дайындық үстінде.

 

Тогжан Акмагамбетова