МТРА жаңалықтары

“Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал” акциясының қазан айындағы жеңімпаздары анықталды

Альбина Қазанбаева – акция жеңімпазы:

– Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал” акциясына қатысқаныма өте қуаныштымын. Бүгін міне мультиварка ұтып алдым. Осы шараның ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіремін.

Жеңімпаздар мультиварка, түрлі ыдыстар және шаңсорғыш сынды бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Негізі акцияның қорытындысы әр ай сайын шығарылады. Сосын барып жыл соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде шараның ақтық кезеңі өткізіледі. Онда бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынбақ. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты арта түспек.

Төлеген Кабдушев – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

– Бұл акция тұрғындар арасында салықтық сауаттылықты арттыру үшін ұйымдастырылуда. Бұл ретте жерлестерімізге ризашылығымды білдіргім келеді. Солтүстікқазақстандықтар іс-шараға қатысуда белсенділік танытты. Ынталандыру сыйлығы да болды. Ендігі бас жүлдені жерлесіміз жеңсе деген ниеттеміз.

Жалпы, аталмыш акция барысында чектерді қабылдау науқаны желтоқсанның біріне дейін жалғаспақ.

 

Айсулу Сергали