Спорт

Теріскейлік “Стрела” құрамасы республикалық “Мен чемпион” жобасының жеңімпазы атанды

“Баскетбол” сайысында қызылордалық команданың асығы алшысынын түсті. “Спарта” құрамасының өрендері допты себетке көп түсіріп есепте алға шықты.Ал, келесі сында теріскейліктер жарады. Арқан тартыста стрелалық жігіттер қарсыластан басым түсіп, таразы басын теңестірді.

Дегенмен, Қызылорда облысының ұландары додада жеңіске жететіндіктеріне сенімді.

Інжу Шамшидин “Спарта” құрамасының ойыншысы, Қызылорда облысы:

– Қазір есеп 1-де 1. Біз бүгін жеңіске жетеміз.

Үшінші “Алып дөңгелек” сынында жеңімпаз анықталмады. Қос құрама ойыншылары бұл бәсекеде бірдей нәтиже көрсетті. Сол себепті, төрешілер ұпайды теңдей бөліп берді. Осы сәтте жанкүйерлер де өз құрамаларын қолдауда.

– Мен “Спарта” командасына жанкүйермін. Олар мықты.

– Мен осын “Стрела” құрамасына жанкүйер болып келдім. Олар чемпион атанады.

Капитандар сынында теріскейлік көшбасшының жолы болды. Ол 3-те 2 есебімен қызылордалық қарсыласын тізе бүктірді.

Ал, жалпы командалық эстафетада солүстікқазақстандық өрендер бар шеберліктерін көрсетті. Біздің жастар мәреге қызылордалықтардан бұрын жетіп, республикалық “Мен чемпион” жобасында жеңімпаз атанды. СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жеңімпаздарға ауыспалы кубокты табыстады.

“Стрела” құрамасының жастары бұл жеңіс үшін ұзақ дайындалғандарын айтады.

Александр Науменко – “Стрела” құрамасының капитаны, СҚО:

– Біз бұл жарысқа тыңғылықты жаттықтық. Өңіріміздің намысын абыроймен қорғадық деп ойлаймын. Бізді қолдаған жанкүйерлерге алғыс білдіреміз.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық ойынға белсене қатысқан жеткіншектерге алғысын айтты.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Сіздер әдемі ойын көрсеттіңіздер. Бұл жігердің, намыстың, қажырлы қайраттың арқасы. Осы жарысқа қатысқан барлық құрамаға алғысымызды білдіреміз.

Шара соңында сайыстың үздік ойыншысы да белігілі болды. Ол батысқазақстандық “Жайық” құрамасының ойыншысы Айбатыр Мырзабеков деп танылды. Оған ұйымдастырушылар “Мен чемпион” деген жазуы бар велосипед пен спорттық сөмке табыс етті.

Айбатыр Мырзабеков – “Жайық” құрамасын ойыншысы, БҚО:

– Мен бұл жоба арқылы жаңа достар таптым. Өзім осы жарысқа қатысқаныма қуаныштымын.

Республикалық “Мен чемпион” балалар спорттық жобасында екінші орынды қызылордалық “Спарта” құрамасын қанжығаға байлады. Үздік үштікті Ақтөбе облысының “Ақберен” командасы тұйықтады. Ал,
Сайыста жүлдеге іліккен барлық ұжымға медаль, грамота және бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Култанов Байболат