Мәдениет

Облыстық қуыршақ театрында “Бука” атты қойылым саханаланды

Бір күні Бука қиыншылыққа тап болғанда оған қол ұшын беретін дос табылмай қалады. Артынан кейіпкер өзінің бар қателігін ұғынып, достықтың қадірін түсінеді. Бұл спектальге тек үш актер қатысуда. Олар бүгін бірден бірнеше кейіпкердің рөлін сомдауда.

Сапар Мапенов – Облыстық қуыршақ театрының актері:

– Бұл қойылым балаларды жақсылыққа баулиды, қандай дос болу керектігін үйретеді. Ненің жақсы, ненің жаман екенін тамашалап, зерделейді. Негізі спектакльді кішкентай көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады.

Балалар қойылымнан жақсы әсер алғандығын айтуда.

Санжар Жәнібеков:

– Маған театрда қатты ұнады. Қоянның соңында достар тапқанына қуаныштымын.

Мария Қалеева:

-Маған аралардың зұлым қасқырды қорқытқан жері қатты ұнады. Өйткені, осыдан соң ол үркіп, қашып кетті. Қоян аман-сау қалды.

Тогжан Акмагамбетова