МТРА жаңалықтары

Теріскейде аққулар жылы жаққа ұшуға асығар емес

Қазір құстар суда жүзіп жүр. Шетінен жайлап қатқан мұз жақында көл бетін түгел қамтиды. Бүгін сынап бағанасы -8 градусты көрсетіп тұр. Айдың орта тұсына қарай температура, тіпті төмендемек. Яғни, өзен-көл толығымен қатады деген сөз. Бұл ретте аққулар мұз құрсауында қалып қоюы мүмкін. ТЖД мамандары жағдайды бақылауға алған. Кеше біздің арнаның түсірілім тобы келгенде көлде 58 киелі құс болған. Күннің суыта түсуіне байланысты бүгін ересек құстардың бірсыпырасы жылы жаққа ұшып үлгерген. Мұнда тек 15-ке жуық бірнеше ересек аққау қанаты енді қатайған балапандарымен қалған. Бүгін құтқарушылар құстарға жақындап көрді, су әлі қатпағандықтан аққуларды ұстап, қауіпсіз жерге апару мүмкін болмай тұр.

Эльдар Қайрутдинов, СҚО ТЖД бас құтқарушысы:


– Әлі мұз қатқан жоқ. Қазір олар су бетінде жүзіп жүр. Күн суытқан сайын мұз қатып, оларға жүзетін жер қалмайды. Кейбірі мұз құрсауында қалып қоюы мүмкін. Сондықтан, барлығын бақылауда ұстап отырмыз. Егер жағдай ушығып бара жастса біз оларды құтқарып, ботаникалық баққа жібереміз.


 

Акбопе Танирберген