Құқық қорғау органдары

СҚО-да “Жасөспірім” жедел-алдын алу шарасы өтуде

Биыл мекеменің ашылғанына 30 жыл. Полицейлер жасөспірімдерге «Нептун» аквапаркіне сертификат, wifi-роутер мен дәмді сыйлықтар табыстады.

Қанат Айтбаев – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы:

– Бұл өмірде адам дұрыс ұстанымын жоғалтпауы тиіс. Біз бұл жайлы үнемі айтуға тиіспіз. Керек болса балалардың жанынан табылып, қолдау көрсетуге дайынбыз. Сондықтан, кез-келген уақытта бізге жүгіне аласыздар.

Жасөспрімдер арасындағы орын алатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шара № 2 орта мектепте жалғасын тапты. Мұнда ювеналды полиция инспекторлары балалармен жүздесті. Кейін оқушылар концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Қарашаның 1-де басталған «Жасөспрім» жедел алдын алу іс-шарасы он күнге жалғасады.

 

Акбопе Танирберген