МТРА жаңалықтары

Петропавлда тозығы жеткен жылу желілері алмастырылуда

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып жатқан шаруаға Европавлық қайта құру және даму банкі арқылы 4 млрд теңгеден астам несие қаржы бөлінген. Соған бірқатар тозығы жеткен жылу желілері алмыстырылуда.

Александр Захарьян – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженері:

– Ескірген құбырларды жаңаларына алмастырып жатырмыз. Біздің тапсырысымыз бойынша «Суэнергострой» компаниясы құбыр алмастыру шаруаларын жасап жатыр. Оның диаметрі- 500 милиметр. Мұнда 10-ға жуық техника мен 15 адам еңбектенуде.

Бұл жерге құбыр 1976 жылы салынған екен. Сондықтан оны алмастыру қажет-ақ. Шаруа жүріп жатса да, тұрғындар жылусыз отырған жоқ.

Александр Захарьян – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженері:

– Осы жерден бастау алған жөндеу жұмыстары Шухова көшесіне дейін жалғасады. Бірақ тұрғындар жылудан ажыратылмайды. Өйткені олар ескі магистральға қосылған. Аталған желілерді алмастыру жыл соңына дейін жалғасады.

Әзірге бұл аралықты қала тұрғындары айналып өтуде. Монополистер бұл уақытша ыңғайсыздық деп отыр.

 

Мағжан Ахмадина