Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл өңір диқандары дәнді дақыл жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қайрат Омаров – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Танап басынан бастырылған дәнді дақылдардың орташа гектар берекелігін 17,6 пайыздан кем болған жоқ. Алқаптарға 8 мың комбайн шығарылды. Техниканың 36 пайызы жоғары өнімді. Аймағымызда ауыл шаруашлығы техникаларының тозу көрсеткіші жоғары. Соған қарамастан біз дәнді дақылдарды көлемі бойынша рекордттық көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз.

Баспасөз мәжілісінде тілшілер бірінші кезектегі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру туралы да сұрады.Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Азат Омаровтың айтуынша, бұл мәселе Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаментінің жіті бақылауына алынған. Сондай-ақ, облыс орталығындағы 5 бірдей сауда базарында сенбі сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп тұрады.

Азат Омаров – Петропавл қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Базарға аудандар бекітілген. Ауыл шаруашлығы тауарын өндірушілер ет, сүт, ірімшік тағы да басқа сұраныс жоғары өнімдерді сенбі сайын қалаға әкеліп сатады. Бүгінде біз ірі сауда желілерінің басшыларымен бағаны 10 пайыздан жоғары көтермеу туралы меморандум жасастық. Азық-түліктерді көтерме бағада өткізетіндермен де сондай келісімге келдік.

Сондай-ақ, жиын барасында мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасы қозғалды. Бүгінде ауыл шаруашлығы басқармасында 23 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Соның 5-еуі ақылы негізде, қалғаны – тегін.
Ветеринарлық паспортты алу, ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу және ветеринарлық анықтамасын беру сынды қалған мемлекеттік қызмет түрлерін ветеринарлық станция мамандары көрсетеді.

Еркебұлан Жанмұхамбетов- Петропавл қаласының ветеринария бөлімінің басшысы:

– 2016 жылдың қыркүйек айына дейін 257 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ветеринарлық паспорт бере отырып, ауылшаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу -1236.

Биыл осы бағытта тұрғындарға 4 200-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.

Берік Қасен