МТРА жаңалықтары

Аққуларға қауіп жоқ

Осыған орай петропавлдықтар әуежай маңындағы “Солёное” көлінен 60-қа жуық киелі құсты байқап дабыл қағуда. Дегенмен, бұған мамандар әлі мұз толығымен қатпағандықтан алаңдаудың себебі жоқ дейді. Табиғат жанашырлары дала құстарының жағдайын үнемі қадағалап отырады екен. Мәселен, былтыр олар 12 аққуды құтқарыпты.

Олег Беспалов – СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:


–  Әлі, өңірдегі өзен-көлдер толығымен қата қойған жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта аққулар жылы өңірлерге ұшу үшін бір жерге топтасып жиналып жатыр. Дала құстарының көбі кеш туғандар. Олар толығымен қанаттанып, алыс жаққа ұшуға әл жинамағандар. Біз аққуларды әр күн сайын бақылаймыз.


 

Байболат  Култанов