МТРА жаңалықтары

Полицейлер «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді

2 күн бойы жалғасқан акция барысында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудың 161 фактісін анықтаған. Жүргізушілердің 62-сі автобус рөлінде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін, 13-і көлікті құжатсыз басқарғаны және 28-і жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жолға шығар алдында көлігі міндетті техникалық қараудан өтпеген жеті жүргізушіге де қатысты шара қолданылды. Жалпы, акция аясында жүргізушілерге 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Александр Розбах – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы:

– «Автобус» жедел алдын алу-іс-шарасын өткізудің мақсаты – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілер арасында профилактикалық шараларды өткізу. Жалпы рейд барысында көліктердердің техникалық жағдайы мен құжаттарының сай болмауы сынды қықұқбұзушылықтар да анықталды.

Айсулу Сергали