Спорт

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де волейболдан және баскетболдан студенттер арасында жарыс өтті

Зере Нұржігіт – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


– Қарсыластарымыз әлсіз болды. Оларды 2-0 есебімен жеңдік. Финалға шықтық.Енді мында екі команда ойнайды. Олардың арасында жеңіске жеткенімен ойнаймыз.

Аталмыш оқу ордасының студенттері арасындағы жарысқа 100-ге тарта қыз-жігіт қатысып жатыр. Олар волейболдан және баскетболдан бақтарын сынауда.

Рустем Есенбергенов – “Нұр Отан” партиясының СҚОФ қызметкері:

 


– Жалпы осы шараның басты мақсаты – біздің студенттер арасында салауатты өмір салтын балап, жастарды осындай спорттық ойындарға тарту.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, грамота және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Тогжан Акмагамбетова