МТРА жаңалықтары

Азаматтық процестік кодекстің қолданысқа енгізілгеніне 1 жыл толды

Арай Әбілмәжінова – №2 қалалық сотының судьясы:


–  “Кодекс “100 нақты қадам”ұлт жоспарында көрсетілген бірқатар шараларды практикалық тұрғыда жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Атап айтқанда, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылысына көшу туралы норма енгізілді. Азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурорлардың сотқа қатысуы қысқартылды.

Биыл 9 айдың ішінде өңір судьялары тұрғындарды татуластыру бойынша мыңнан астам істі қараған.

Татьяна Ларина – Солтүстік Қазақстан облысы сотының судьясы:


– Қазіргі уақытта өңірімізде медиация институты белсенді дамып келеді. Дауды шешу кезінде азаматтық процестік кодексінде жаңа бітімге келтіру әдістерінің бірі – партисипативтік шаралар көрініс тапқан. Бұл іске адвокаттар араласады. Олар жекелеген дау категориялары бойынша кикілжіңді шешу тәртібін белгілейді. Нәтижесінде істі қарау мерзімі қысқартылады. Сондай-ақ, келісімге келген жағдайда тараптарға мемлекеттік баж салығы қайтарылады.

Осылайша, биыл өзара мәмілеге келген тараптарға жалпы сомасы 50 млн теңгенің мемлекеттік баж салығы қайтарылыпты. Медиация институты өңір судьяларының жұмыс жүктемесін айтарлықтай азайтып отыр. Өткен жылдан бастап Қазақстан халқы ассамблеясында және оның аудандағы филиалдарында медиация орталықтары ашылған болатын. Бүгінде осы бағытта жұмыс істейтін кабинеттер әр ауылдық округте бар. Онда кәсіби емес медиаторлар жергілікті жерде туындаған мәселені шешуге атсалысады.

Берік Қасен