МТРА жаңалықтары

Аққайың аудандық мәслихатының депутаты сайланды

Бейбіт Исманов – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:


– Сайлау барлық ережелерге сай өтті. Аққайың аудандық мәслихатының  депутатын сайлау науқанында облыстық, аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді. Науқанға 3 кандидат қатысты. Әрбіреуіне ел қазынасынан 165 мың теңге бөлінді. Алайда, олар үгіт-насихат шараларына берілген қаражатты толық көлемде пайдаланған жоқ.

Науқан №102 сайлау учаскесінде өткізілді. Аққайың аудандық мәслихатының депутатына 1289 немесе сол округте тіркелген халықтың 92 пайызы дауыс берген. Оның қорытындысы бойынша ең көп, яғни 82 пайыз дауысты Аққайың аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Асхат Өтебаев жинады. Үміткердің кандидатурасын “Нұр Отан” партиясы ұсыныпты.

Ольга Плищенко – Аққайың аудандық сайлау комиссиясының төрайымы:


– Асхат Өтебаевтың Аққайың аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымында жұмыс істегеніне 2 жыл болды. Мамандығы бойынша – хирург. Асхат Өтебаев 3 баланың әкесі. Басқарушылық, ұйымдастырушылық қабілеті бар. Оған қоса аудан тұрғындары арасында сыйлы.

Ал Асхат Өтебаевпен бірге сайлауға түскен екі кандидат мемлекеттік қызметші екен.

Берік Қасен