Қоғам

Петропавлда қамқоршы күні аталып өтілді

Надежда Пирожкова

– Мен қыздармен Архангелькадағы жетімдердер үйінің асханасында қызмет етіп жүргенде таныстым. Басында жасөспірімдерді өз үйіме қонаққа алып жүрдім. Содан бауыр басып қалғаннан кейін оларды өзіме алуды ұйғардым. Енді міне Карина мен Александраның ата-анасы бар. Екеуіде мектепте оқиды. Жалпы басқа адамдарға айтарым барлық бала бақытты болуға лайықты, сол себепті де оларға ата-ананың мейірімі мен махаббатын сыйлаңыздар.

Елімізде қамқоршы күні 2011 жылдан бері аталып келеді. 2013 жылы 248 петропавлдық жасөспірім патронаттық тәрбие мен қамқорлықта болған. Ал қазір бұл көрсеткіш мейірімді, бауырмал жандардың арқасында өсті.

Альфия Тұяқова – Петропавл қаласы білім бөлімінің әдіскері

– Қазіргі таңда Петропавл қаласында 278 бала қамқорлықта. 35 жасөспірім патронаттық тәрбиеде. Оларға үкімет ай сайын 10 АЕК көлемінде жәрдемақы төлеп тұрады.

Қазіргі таңда СҚО 1796 жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар тұрып жатыр. Оның 960-ы қамқорлықта болса, 168-і патронаттық тәрбиелеуге берілген.

Риат Шони.