МТРА жаңалықтары

Мүгедектерді сауықтыру орталығының қызметкерлері кәсіби мерекелері қарсаңында құттықтаулар қабылдады

Раушан Сәдуақасова:


–  Барлығы өте сыпайы адамдар. Қалай есіктен кіресің, солай жақсы қарсы алады. Қазір массаж, физкабинет барлығынан өтем, көңілімнен шығады.

Қазір мұнда 10 адам ем қабылдап жатыр. Тағы 6 азамат амбулаторлы түрде денсаулықтарын түзетуде. Науқастардың жай-күйін 30-ға жуық маман бақылайды. Орталықта сауығып жатқан жандарға психолог маман көмек көрсетеді. Массаж, емдік дене шынықтыру және физоем қабылдау бөлмелері керекті құралдармен жарақталған.

Римма Әбілқайырова- Мүгедектерді сауықтыру орталығының физио ем қабылдау бөлмесінің мейірбикесі, Қызылжар ауданы:

– Бізге келетін науқастардың әрқайсысына ерекше күтім қажет. Сондықтан сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. Ол үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған. Материалдық-техникалық базамыз жақсы.

Елімізде қазанның соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтіледі. Соған орай бүгін аталған орталық мамандарын құттықтауға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Артур Молдағұлов келді.

Артур Молдағұлов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Әр адамның тез сауығып, қалыпқа келуіне жағдай жасап жатырсыздар. Бірінші байлық денсаулық, сондықтан сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың маңызы зор. Келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын.

Артур Молдағұлов орталық қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Жалпы сауықтыру мекемесі 2005 жылдан бері жұмыс жасайды. Жылына орталық 450 солтүстікқазақстандықты қабылдайды екен.

Мағжан Ахмадина