МТРА жаңалықтары

Петропавлда тәртіп сақшылары қысқы киімге ауысты

Саптық қарауға жергілікті гарнизонның 500-ден астам қызметкері, 20 бірлік техника жұмылдырылған. Шара барысында өңірдің бас полицейі Берік Біләлов Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының 8 қызметкеріне кезекті шендерін табыстады. Сондай-ақ, бұл күні облыстың полиция қызметкерлерінің қатары тағы 7 қызметкермен толықты. Оның ішінде 21 жастағы Жасұлан Қарпықов та бар. Бүгін ол өзге әріптестерімен бірге еліне адал қызмет етуге ант берді. Шараға жас полицейлердің туғандары да ортақтасты.

Жасұлан Қарпықов – Петропавл қ. ІІБ жол патрулдік полиция инспекторы:


– 21 жастамын осы дол патрулдік полиция инспекторына орналасып жатырмын. Бүгінгі қабылдап жатқан антымыз өз жұмысымызда адал және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға ант етеміз. Бұл жұмыс мен үшін өте маңызды. өмірімдегі үлкен қадам деп те айтуыма болады.

 

 

Риат Шони