МТРА жаңалықтары

Еңбек ардагерлері студенттермен кездесті

Ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған шараның мақсаты – қариялардың еңбек жолын үлгі ете отыра ұрпақтар сабақтастығын насихаттау. Кездесу барысында жиынға қатысқан еңбек ардагерлері студенттерге өмірлерін әңгімелеп берсе, жастар өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Сара Тасеменова – Қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы,

– Біз, аға буын өкілдері әрқашан да жастармен кездесіп, өзіміздің өмірімізді, өзіміздің қалай өніп болғанымызды, қалай оқығанымызды айтып береміз. Өмірімізде кездескен оқиғаларды, олардан қандай жол тапқанымыз жайлы айтып отырамыз. Балалар осыны білу керек.Әрқашан да осындай кездесулер өткізіп отыру қажет.

 

Тогжан Акмагамбетова