Спорт

Қысқы универсиаданың басталуына 100 күн қалды

Бахтияр Қожатаев – Джиро д`Италия Гранд-турының жеңiмпазы, велоспорттан халықаралық деңгейдегi спорт шеберi:


–  Қысқы универсиадаға 3 ай қалды. Осы ретте қазір елімізде спортшыларды қолдау шарасы жүргізілуде. Оған мен де ат салысудамын. Мүмкін бұл оқушылардың арасында болашақ чемпиондар жүрген шығар. Сондықтан, дәл осындай акциялардың арқасында кішкентай солтүстікқазақстандықтардың да спортқа деген қызығушылықтары оянады деген сенімдемін.

Бүгін мұндай шара өңіріміздің әр білім мекемелерінде өткізілді. Оған мыңдаған мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Қанат Сәдуақасов – өңірлік дене шынықтыру, спорт және АӘД орталығының директоры:

– Бұл универсиада 12 спорт түрінен, қаңтар-ақпан айларында өткізіледі. Мақсатымыз салауатты өмір салтын насихаттау.

Таңғы сергіту сәтіне қатысқан балғындар болса, Рио олимпиадасында ел намысын қорғаған Бахтияр Қожатаевпен жүздескендеріне қуанышты.

Санжар Әбішев – Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:


–  Мен футбол ойнағанды жақсы көремін. Болашақта Бахтияр Қожатаев сияқты олимпиадаға қатысқым келеді.

Аружан Галимова – Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:

 


–  Мен гимнастикамен 7 жасымнан айналысамын. Еліміздің гимнастшысы Әлия Юсупова сияқты болғы келеді.

Айту керек, Қысқы Универсиада 2017-ші өткізілмек. Елімізде болатын бұл спорттық сайысқа әлемнің 60-тан астам мемлекетінен екі мыңға тарта спортшы келеді деп жоспарлануда.

Айгерим Ержанова