МТРА жаңалықтары

Шекарашыны балағаттаған Армения Республикасының азаматы құрықталды

Қазанның 20-сы күні 60-шы поездбен “Иркутск-Кисловодск” бағыты бойынша жол жүріп келе жатқан 45 жастағы Ара Галстян мен Шекара қызметінің өкілі арасында келеңсіз жағдай орын алды. Еліміздің шекарасын темір жол арқылы аттаған азаматтарды әдеттегідей Шекара қызметінің өкілдері тіркеуден өткізеді. Міне осы уақытта ішімдікке сылқия тойған 45 жастағы Ара Галстян дөрекі, бейпіл сөздермен қызметтік бабында жүрген маманның мазасын алып, балағаттаған. Осы жағдайды дәлелдейтін ұялы телефонға түсірілген бейнежазба бар. Бүгінгі таңда айыпталушыға қатысты барлық деректер жинақталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 378 -бабының 1 тармағы негізінде іс қозғалды. Ер адам 300 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл төлейді немесе 75 күнге қамауға алынады.

Ара Галстян:

– Мен Шекара қызметінің қызметкерлерімен дөрекі сөйлестім.Осы жасаған ісім үшін қатты өкінемін. Бұл менің кінәм.Мас болдым. Осым үшін заң алдында жауап беруім керек.Қазақстанда қалу ойымда жоқ. Егер маған елден кетуге рұқсат берсе, бірден бірінші поездғп отырып кетемін.

Тогжан Акмагамбетова