Аптадағы маңызды жаңалықтар

Астана қаласында СҚО күндері аясында “Солтүстік Қазақстан облысы – таланттар шоғыры” атты кітап көрмесі өтті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шарада елордалықтардың назарына теріскей топырағында дүниеге келген белгілі ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен спортшылар жайлы жазылған 250 туынды ұсынылды. Көрме барысында жиналғандарға қазақ әдебиетінде есімдері алтын әріптермен жазылған Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шәймерденов, Герольд Бельгер сынды тұлғалардың өмірбаяндары, еңбектері жайлы айтылды. Тағы, жиында астаналықтарға елімізде ең алғаш рет 2003 жылы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында құрылған жалпы қоры 16 мыңға жуық “электронды кітапхана” таныстырылды. Мәдени жиын соңында елордалықтар өңір тумаларының рухани қазынаға толы кітаптарын және солтүстікқазакстандық суретшілер салған картиналарды тамашалап тарасты.

Риат Шони