МТРА жаңалықтары

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері бастау алды

Елена Покрас – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Қойылымның басты ерекшелігі – спектакль біздің жерлесіміз, ақын, қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған, халқы үшін жанын пида еткен азамат Мағжан Жұмабаев жайында. Ол – өңіріміздің ғана емес, барша Қазақстанның мақтанышы. Пъесаның авторы – әріптесіміз Виктор Шалаев. Шығарманы жазу барысында ол көп ізденіп, көп еңбектенді.

Қойылымның сюжеті Мағжанның монологы, оның жақын адамдарымен тілдесуі және қазақ халқының болашағы мен бүгінгі күннің көрінісі жайындағы ойлары негізінде құрылған.

Жиналған көрермен терең мағынасы бар спектакльді жақсы қабылдап, соңына дейін көз алмай қарады. Қойылым соңында театр әртістеріне СҚО-ның әкімі Ерік Сұлтановтың атынан ықылас гүлі табысталып, М. Горький атындағы академиялық драма театрынының басшылығы өз ризашылығын білдірді.

 

Айсулу Сергали