Спорт

Жергілікті “Қызылжар СҚ” ФК шығысқазақстандық “Алтай” құрамасын тізе бүктірді

Кездесуде жерлестеріміз сапынан Бошко Ступич 7-ші минутта көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады. Осы жеңістен соң солтүстікқазақстандықтар өзінің басты қарсыласы – “Алтай”-ды 3 ұпай артқа тастап, турнирлік кестеде 2-ші орынға көтерілді. Енді “Қызылжар СҚ” ФК кезекті кездесуін “Қарасай” стадионында қазанның 22-сі күні қызылордалық “Қайсарға” қарсы өткізеді.

 

Култанов Байболат