МТРА жаңалықтары

СҚО сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында семинар өтті

Амангелді Айтпаев – СҚО сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің жетекшісі:

– Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде дербес құрылымдық бөлімше Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері жемқорлоыққа қарсы профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері аталған семинарда судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлеріне бейнематериал көрсетілді. Онда ақшаға құнығып артынан түрмеге қамалған мемлекеттік қызметшілер туралы айтылған.

Светлана Зайцева – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің СҚО бойынша департаментінің инспекторы:

– Мемлекетік қызметшілер арасында пара алу фактілері азаймай тұр. Қоғамдық індетпен күресу үшін бүгінде кадрларға талап қатаңдатылып, кәсіби мемлекеттік аппарат құрылуда. Және мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтер электрондық нұсқаға ауыстырылуда.

Жиында өңірдегі сот жүйесінде жемқорлық фактілерінің тіркелмегендігі туралы айтылды.

Берік Қасен