МТРА жаңалықтары

СҚО-да жол-көлік апатынан 46 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қаза тапты

Салдарынан 46 жастағы мұғалім оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды. Ал оның жанында болған 4 оқушының екеуі ауыр халде жақын маңдағы Явленко елді мекенінің аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Ал қалған балалар дәрігердің қарауынан соң өз үйлеріне жіберіліпті. “Лада Приора” автокөлігін тізгіндеген азамат болса жеңіл жарақат алған.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

– Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз автокөлігімен 4 бірдей оқушыны жарысқа Ғ.Мүсірепов ауданына апара жатқан. Көктайғақтың салдарынан осындай апат орын алды. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Риат Шони