МТРА жаңалықтары

Петропавлда бүгіндері алимент бойынша қарыз 77 млн теңгені құрады

Ал төленуі тиіс сома өсуде. Бүгіндері Темірлан Мұқашевтің қарызы 173 мың теңгені құрап отыр. Сот орындаушылары келесі соққан Интернационал көшесі 94 мекенжайынан да борышкер Қанат Алпысбаев табылмады.Үйінде болмай шыққан пәтер иесі 2014 жылдан бері екі баласының өсіп жетілуіне 918 мың теңгенің қаржылық демеуін жасауы тиіс екен. Облыс орталығында балаларына алимент төлемейтін жауапсыз ата-аналар жетерлік. Мамандар сол себепті, борышты өндіріп алу мақсатында тоқсан сайын осындай рейд шараларын жүргізуде.

Ғалымжанов Талғат – Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры:

– Бүгінде сот орындаушыларының өндірісінде алимент төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты 2500-ден астам арыз жатыр. Соның ішінде 117 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан петропавлдықтардан алимент бойынша 41 млн теңге ғана өндіріліп алынды. Ал, бүгінгі таңда жалпы қарыз 77 млн теңгені құрап отыр.

Тогжан Акмагамбетова