МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласының әкімі М.Тасмағанбетов мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне ақшалай қолдау көрсетті

Гүлмира Жәкенқызы – Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

– 2016-шы жылы 1 438 адам оңалтудың көмекші техникалық құралымен қамтылды. 860-ы әлеуметтік көмек қызметін алуда. Сонымен қатар, биыл Ақмола облысындағы “Алмаз” шипажайында 241 жан сауығу курстарынан өтті. 195 мүгедек сурдо-тифло-құрылғымен, 400-і протездік-ортопедиялық жабдықпен қамтылды.

Қазіргі таңда Петропавлдағы 6 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан 17 қоғамдық бірлестіктің құрамына кіреді. Бүгінгі жиында қала әкімі Марат Тасмағанбетов мүгедектердің түйткілді мәселелерін шешіп, әлеуметтік көмек көрсетіп жүрген аталмыш ұйым жетекшілеріне қаржылай қолдау көрсетті. Еркебұлан Аманжолов – “Қазақ зағиптар қоғамы” ҚБ қалалық филиалының төрағасы. Ол жетекшілік ететін ұйымға 2017-де 80 жыл толады екен.

Еркебұлан Аманжолов – “Қазақ зағиптар қоғамы” ҚБ қалалық филиалының төрағасы:

– Бізде қалада 370 адам бар. Олар 1-2-ші топтағы мүгедектер. Түрлі тендерларды ұтып алып, сол бойынша жұмыс жасаймыз.

Жалпы жиын барысында 17 қоғамдық бірлестікке қаржылай қолдау көрсетілді.

 

Риат Шони