МТРА жаңалықтары

Егемендік жылдары көркейген Қазақстан

Шарбан Таймуллина – “Білім” бастауыш партия ұйымының төрайымы:

– Менің бастауыш партияма жуырда 12 жыл толады. Осы уақыт аралығында біз оқушылардың ата-аналарымен түрлі жиындар өткіздік.

Еліміз көп ұлтты. Тілі мен дініне қарамастан барлық этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанның дамуына үлес қосуға еліміздің барлық азаматы аянбай еңбек етуге міндетті. Бүгінгі жиынға облыстық “Видергебурт” неміс этномәдени орталығының өкілдері де қатысуда. Бүгінде өңірімізде 20 мыңнан астам неміс болса, оның 3 мың 111-і Петропавл қаласында тұрады екен.

Эльвира Ковзель – СҚО “Видергебурт” неміс мәдени орталығының төрайымы:

– Петропавлда 25 жыл бойы облыстық “Видергебурт” неміс мәдени орталығы жұмыс істеп келеді. “Видергебурт” неміс тілінен аударғанда “қайта өркендеу” деген мағынаны береді. Осы жылдардың ішінде жұмыс істеу тәжірибеміз артты. Немістер бүгінде облысымыздың саяси, қоғамдық және де мәдени өміріне белсенді араласады. Біз өз еліміздің патриотымыз.

Кездесу соңында Нұр Отандықтар мен ассамблея мүшелері алда бірігіп атқаратын жұмыстардың жоспарын құрастырды.

 

Риат Шони