Спорт

Солтүстікқазақстандықтар ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпаковамен кездесті

Шара барысында солтүстікқазақстандықтар өскемендік аруға өздерін қызықытыратын сауалдарын жолдап, тұшымды жауап та алды. Жүздесу барысында Ольга Рыпакова өңіріміздегі спорттың дамуы үшін жасалып жатқан жағдайды да тілге тиек етті. Ал жиын соңында нәзікжанды алдағы уақытта өз жанкүйерлерін жаңа жетістіктерімен қуантатынын айтты.

Ольга Рыпакова – ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

– Келесі жылы Лондонда жеңіл атлетикадан кезекті әлем чемпионаты өтеді. Мен бұл жарысқа қазір қызу дайындық үстіндемін. Әрине, жеңімпаз тұғырынан көріну жоспарда бар. Бұл кез келген спортшының мақсат-арманы ғой. Сонымен қатар, 2020-шы жылы Токиода өтетін 32-ші жазғы ойындарына қатыссам деймін. Жанкүйерлерімнің үмітін ақтау үшін бар күшімді саламын.

 

Айгерим Ержанова