МТРА жаңалықтары

Облыста Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторлары түсіндірілуде

Тек Әзірбайжан алдымызды орап, тізімнің 40 орынына шыққан. Ресей 45-ші сатыда. Бастапқы бестікте Сингапур, АҚШ, Германия және Нидерланды елдері тұр. Жалпы рейтинг 140 елдің 114 параметіріне сай шығарылады. Оның 34-і статистикалық деректер, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағасы негізінде жасалады.

Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын негізгі 12 факторлардың арасында, елімізде тек еңбек нарығының тиімділігі 3 сатыға төмендеген. Қалған көрсеткіштер бойынша, өткен жылмен салыстырғанда, біршама ілгерілеушілік байқалады. Аталған рейтингте Әділет министрлігіне 4 индикатор бекітілген. Олар бизнестің дамуына жол ашпақ. Осы жайлы «Нұр Отан» партиясымен Әділет департаменті бірлесіп өткізген жиын барысында айтылды. Шараға өңір кәсіпкерлері қатысты.

Гүлнар Қожахметова- СҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары:

– Қазіргі күні өз ісін ашу үшін заңды тұлғаға электронды үкімет порталында арнайы парақшаны толтырса болғаны. Кейін 1 сағат көлемінде оған тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Ол үшін ақша алынбайды. Жылжымайтын мүлікті енді, электронды түрде тіркеуге болады. Тұрғындар бір жерге барып қана өз мүлігін рәсімдей алады. Бірталай мекемелерде растау құжаттарын алудың мерзімі қысқартылған.

 

Магжан Ахмадина