МТРА жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы 52-ші концерттік маусымын ашты

Кейін сахна төрінде республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты “Әлқиса” фольклорлық ансамблі Бауыржан Ақтаевтың “Ғасырлар үні” туындысын орындады. Негізі облыстық филармония ұжымының жаңа маусымға әзірлеген бағдарламасы ауқымды екен.

Қайырлы Ғафуров – Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері:

– Бүгін біздің Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы өзінің 52-ші маусымын ашуға дайын. Биылғы концерттік маусымда, әрине өзіміздің көрермендерге жаңа бағдарламалар көрсетуге тырысамыз.

Бұл концертке облыстық филармонияның барлық өнер майталмандары қатысты. “Туған жер” би ансамблі қызылжарлық өнерсүйер қауымды биімен баураса, “Әлқиса” фольклорлық ансамблі күймен құлақтың құрышын қандырды.

Сондай-ақ, кеште Алматы қаласынан келген еліміздің Еңбек сіңірген әртісі Марат Ілиясов та өнер көрсетті. Ол “Сезім”, “Сұлуым” және “Мерекем – сен” әндерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

– СҚО осындай деңгейі жоғары концерттер бола берсін. Көрермендерге жақсы көңіл күй тілеймін.

– Жақсы.Концерт жақсы екен.

52-шы маусымды сәтті ашқан облыстық филармония ұжымына облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан ықылас гүлі табысталды.

Тогжан Акмагамбетова