Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Оның үстіне кешкі 21:00-ден кейін қоғамдық көлік жұмысын тоқтатады. Бұл кезде жұмыстан шығатын адамдар үйімізге жете алмай қиналамыз деп отыр. Бұл мәселе төңірегінде қалалық әкімдікте өткен қоғамдық кеңесте қызу пікір-талас орын алды.

Нәтижесінде Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жоламан Бакишев бұл мәселенің анық-қанығына көз жеткізіп, оны шешудің амалын қарастыратынын айтты. Сонымен қатар, ол келер жылы Петропавлда такси жүргізушілеріне арналған 43 аялдаманың пайда болатындығын тілге тиек етті. Бұл ретте бюджеттен 20 млн теңге қаржы қарастырылған.

Қоғамдық кеңесте талқыланған тағы бір келелі сұрақ – жол жөндеу. Ағымдағы жылы 68 көшеге қиыршық тас төселіп, 35 көшедегі шұңқырлар жабылған. Жалпы биыл орташа жөндеу жұмыстарына 840 млн теңге жұмаслыпты. Мұндай іс келер жылы да жалғасын таппақ.

Жоламан Бакишев – Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Облыс орталығында 2017-ші жылы тағы 17 көше жөнделетін болады. Бұл тізімге Интернационал, Мүсірепов, Уәлиханов, Рига, Медведев, Ухабов және т.б. көшелер кіріп отыр. Жалпы келер жылы 1,5 млрд теңгеге 22 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар зират бастарында қоқыстың көп екендігін айтты. Бұл ретте ТҮКШ бөлімінің мамандары қалалықтарға сол маңнан жиылған керексіз заттарды қапшыққа жинап, жол жиегіне шығарып қою қажеттігін айтты. Бұл арнайы техниканың қоқысты алып кетуі үшін ыңғайлы болмақ.

 

Айгерим Ержанова