Петропавлда «Қазақстан бірлігі – халықтың достығында» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті

МТРА жаңалықтары

13:14 7 Қазан 2016

Кристина Штир, ПҚЭК студенті:

– Менің ұлтым неміс болса да Қазақстанды сүйемін. Себебі, мен Қазақстанда туып өстім. Түрлі ұлт өкілдерінен де достарым бар. Жалпы, Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Жиын барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері жастармен бірге Қазақстан мен Украина арасындағы достық қарым-қатынасты талқылады. Осы орайда еліміздегі этносаралық татулықты нығайтуда жас ұрпақтың атқаратын рөлін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Бүгіндері Петропавлда 5 мыңға жуық украин ұлтының өкілі тұрады екен. Қазақ жерін 300 жылдан астам уақыт мекен еткен аталмыш ұлттың өкілдері өңірімізде түрлі салаларда еңбек етуде.

Александр Платко – “«Свитанок» СҚО украин мәдениеті” ҚБ төрағасы ауд:

– Ұлт татулығын, бірлігін сақтау – қазіргі жастардың парызы. Бүгінгі жиында осы тақырыпта сөз қозғадық. Және бүгінгі дөңгелек үстел барысында ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту жолдарын қарастырдық.

Тәуелсіз Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мекен бола білді. Қазіргі таңда олар бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешуде.

Айсулу Сергали