МТРА жаңалықтары

Өңірде өткен “Қаңғыбас” жедел-алдын алу шарасының қорытындысы

Оның қорытындысы бойынша Петропавлдағы қабылдау-тарату орнының тұрақты мекен жайы жоқ 289 тұлға жеткізіліп, оның барлығы да тіркеуге алынды. Қаңғыбас адамдар жайлы ақпарат жинақталып, арнайы базаға енгізілді. Рейдт барысында полиция қызметкерлері облыс аумағындағы 300-ден астам жертөле, 200-ге жуық кәріздік құдық, 250-ге жақын тұруға жарамсыз ғимараттар, сондай-ақ, бірнеше ондаған шатыр, қоқыс алаңдары мен орман алқаптарын тексерген.

Адай Смайыл – Петропавл қаласы ІІБ қабылдау-тарату орнының инспекторы:

– Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қаңғыбастық өмірмен өмір сүрген іздеуде жүрген екі қылмыскер мен із-түссіз жоғалған төрт тұлға анықталып, ұсталды. Қазір олар жайлы анықтамалар жинақталып, базаға енгізілуде.

Риат Шони