МТРА жаңалықтары

Мүлікті жария ету науқаны аяқталуға жақын

Марат Жамалиев – СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

– 1714 нысанның тек 346-ы тұрғын үй болып табылады. Жалпы сомасы 5 млрд 646 млн теңгені құрап отыр. Өтініштердің 336-ы иелеріне қайтарылып берілді. Олар құжаттарын дұрыс көрсетпеген не толық әкелмеген. Ондай тұлғалар барлығын талапқа сай етіп, құжаттарын қайтара тапсыра алады. Облыс бойынша 737 өтініш мақұлданып, 3 млрд 980 млн теңгенің мүлігі заңдастырылып отыр.

Бүгіннің өзінде облыстық комиссияның қарауында 296 млн теңгенің 16 өтініші жатыр. Ал қаржыны заңдастыру шаралары жайлы журналистерге Ұлттық банктің облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырақымов айтты. Бұл ретте республика бойынша теріскей 6-шы орынға тұрақтап отыр. 34 солтүстікқазақстандық банк қызметіне жүгініп арнайы есеп шоттар ашқан.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

– Акцияның басында біз банктермен прогноз жасағанда 1 млрд теңге ғана қаржы түсетін шығар деп ойладық. Алайда, бүгіндері 9 млрд теңгеден асып отыр.

Ал шетелдегі мүлігін заңдастыруға солтүстікқазақстандықтар асығар емес. Науқан жүргізіліп жатқан 2 жыл ішінде теріскейліктер бар болғаны 33 млн теңгенің 11 нысанын ғана тіркеп үлгерген.

 

Магжан Ахмадина