Құқық қорғау органдары

Қылмыстық іздестіру қызметіне – 98 жыл

Олардың бірқатарына Ішкі істер Министрлігі атынан “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі және алғыс хаттары табысталды. Ал, Петропавл қалалық ІІБ Бірінші полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Ерболат Қаптаев Облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Жас маманның құқық қорғау саласында еңбек еткеніне 3 жыл болған.

Ерболат Қаптаев – Петропавл қалалық ІІБ Бірінші полиция бөлімінің аға жедел уәкілі:

– Мен өзімнің қызметтік жолымды 2013 жыл бастадым. Қылмыстық іздестіру қызметінде еңбек етіп келемін. Өзіме мамандығым ұнайды. Бүгінгі мерекеде марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын.

Тағы, шарада “Өз кәсібінің үздігі” байқауының жеңімпазы да анықталды. Ол Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Әділбек Жарасов атанды. Полицей екі жыл ішінде жүзден астам қылмыстың ашылуына үлесін қосқан. Маманға қызметтік автокөліктің кілті табысталды.

Әділбек Жарасов – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Бүгінгі мерекеде қызметтік автокөлікке ие болып жатқаныма қуаныштымын. Болашақта құқық қорғау саласында қызмет етуге әзірмін.

Салтанатты жиынға Қылмыстық іздестіру қызметінің ардагерлері де шақыртылыпты. Владимир Бондаренко осы салада 32 жыл еңбек еткен.

Владимир Бондаренко – Қылмыстық іздестіру қызметінің ардагерлері:

– Біздің қызмет жауапты және қауіпті. Сондықтан мен өзімнің ізімді басқан жас мамандарға үлкен сеніммен қараймын. Олардың қызметтерін адал атқаратынына сенімдімін.

Жалпы, Қылмыстық іздестіру қызметінің 98 жылдығына арналған салтанатты жиында өңіріміздің 70-тен аса тәртіп сақшысы марапатқа ие болды.

 

Култанов Байболат