Қоғам

СҚО парамен ұсталған мемлекеттік қызметкер

Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшылығынан мәлім етті. Ербол Абдрахманов әріптестерін жұмыстан шығарамын деп қорқытып, жүйелі түрде олардан ақша талап етіп отырған. Осылайша, ол заңсыз түрде 1 млн 500 мың теңгеден астам ақша бопсалаған. Бірақ, 250 мың теңге көлеміндегі кезекті параны алу кезінде мемлекеттік қызметкер қолға түсті. Қазіргі уақытта Ербол Абдрахманов қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

 

Айгерим Ержанова