МТРА жаңалықтары

Астанада екі ел басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының ХІІІ өңіраралық форумы өтті

Бұл форумға облыс әкімі Ерік Сұлтанов та қатысты. Жиынның қортындысында өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов пен Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин меморандумға қол қойды. Енді екі жақ сауда -экономикалық, ғылыми – техникалық және гуманитарлық салаларда бірлесіп жұмыс жасамақ. Көршілес облыстар дәстүрлі түрде жәрмеңкелер өткізіп, алдағы уақытта тауар айналымын арттыруды көздеп отыр.

Аталған форум тәжірбие алмасуға да зор мүмкіндік берді. Ұстаздар, дәрігерлер, спортшылар мен мәдени ұжымдар, бір сөзбен айтқанда әлеуметтік сала мамандары, өз жұмыстарында қолданатын озық әдәстерімен бөліспек. Бұл келісім 5 жыл бойы жұмыс істейтін болады. Аймақ жетекшісі Ерік Сұлтановтың айтуынша, аталмыш құжат екі облыстың экономикалық және іскерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

 

Магжан Ахмадина