МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал” акциясы бастау алды

Бұл шара қарашаның соңына дейін жалғаспақ. Ай сайын, әр өңір бойынша он жеңімпаз анықталып, тиісті сыйлықтарға қол жеткізеді. Ал жыл соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде шараның ақтық кезеңі өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады. Мамандардың айтуынша ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты арта түспек. Мысалы, былтыр өткізілген аталмыш шараның нәтижесінде заңнан тыс жұмыс істеп келген 9 мыңнан аса жеке кәсіпкер салықтық тіркеуге қойылып, 8 мыңнан астам бақылау кассалық аппараттар тіркеліпті.

Салима Рамазанова, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

– Арнайы телефон қосымшасы арқылы бізге суреттерді жіберу керек. Айта кетейін, жерлестеріміз акцияға белсенді қатысуы арқылы көлеңкелі бизнес көлемін азайтуға өз үлестерін қосады.

 

Акбопе Танирберген